қарыз

Ақжайық аудандық соты: «Міндеттеме тиісінше орындалуы қажет»

14/05/2015

Ақжайық аудандық соты  арнайы қаржы компаниясының  қарыз сомасын жауапкерлерден өндіру туралы үш азаматтық ісін қарады.

Талапкер өз талабында Банктің ақшаны кері қайтару туралы шарт  кестесі жауапкерлерге берілгенін, бірақ шарт бойынша жауапкерлер міндеттемені орындамағандықтан, Банк  қарызға берілген ақшаны өндіру туралы талапты  арнайы қаржы компанияға  беру туралы  шарт жасап, ақшаны өндіру туралы  құқық талап берушіге ауысқан.

Қолхат беріп, ақша алған

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотына бережақ соманы және мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызымен аудан тұрғыны жүгінген.

Іс материалдары бойынша, жауапкер қолхат бойынша талапкерден 10 000 теңге алған. Жауапкер қарызын алты айдан кейін қайтарып беруді міндетіне алғанымен, бүгінге дейін талапкер өзінің ақшасын ала алмаған соң сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында жауапкер талап арызды мойындады және материалдық қиыншылықтарға байланысты уақытында борышты қайтара алмағанын көрсетті.

Азаматтық іс сотқа дейін жеңілдетілген өндіріспен қаралды

06/02/2015

Тасқала ауданының тұрғыны сотқа жүгініп, арызында танысына қолхат арқылы қарызға 1 айға 20% өсімімен 80 000 теңге бергенін, алайда қарызын осы кезге дейін  қайтармағанын көрсеткен.

Осыған орай,  жауапкерден 80 000 теңге қарыз соммасын 16 000 теңге бір айлық өсімімен және 960 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

Қарызды өтеу парыз

15/12/2014

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған Виктор Грункийге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот мәжілісінде соттың шешіміне сәйкес, В.А.Грунский жәбірленушінің пайдасына 26 миллион 500 мың теңге қарызын төлеуге міндеттелгені анықталды.

Қарыз өндірілді

20/10/2014

 

Бөрлі аудандық сотында К.Рамазанның Ч.Бакыттан 500 мың теңге қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот отырысында тараптар арасында 5 ай мерзімге 500 мың теңге  заем шарты жасалғаны анықталды. Алайда, жауапкер қарызын қайтару бойынша өзінің міндеттемелерін орындамауына байланысты талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот талап арызды қанағаттандырды және жауапкерден аталған сомманы өндірді.