Азаматтық іс сотқа дейін жеңілдетілген өндіріспен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала ауданының тұрғыны сотқа жүгініп, арызында танысына қолхат арқылы қарызға 1 айға 20% өсімімен 80 000 теңге бергенін, алайда қарызын осы кезге дейін  қайтармағанын көрсеткен.

Осыған орай,  жауапкерден 80 000 теңге қарыз соммасын 16 000 теңге бір айлық өсімімен және 960 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

Сот іс-құжаттарын зерттеп, талап арыз қанағаттандырылуға жатады деп есептеді. Тасқала аудандық соты азаматтық істі сотқа дейін женілдетілген өндіріс тәртібімен қарап,     талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі