Бұзақылық

Қоғамдық жерде оқ атылған

01/10/2015

Бөрлі аудандық соты И.Нурланға қатысты келісімдік өндіріс процедурасын қолдануымен қылмыстық іс қарады.      

Іс материалдарына сәйкес, жас жігіт сөзге келіспеушілік барысында «Бестау» қонақ үй кешенінің ішкі есігіне «Тигр» маркалы карабиннан екі рет атып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Жасөспірімдер соты бұзақылыққа бой алдырған қыздың заңды өкілін жауапкершілікке тартты

20/05/2015

Табиғатынан қыз бала сұлулықты, сыпайылықты, мейірімділікті және инабаттылықты бейнелейді.  Дейтұрғанмен, қыз балалар арасындағы дөрекілік орын алып отыратыны жасырын емес. Сондай жағдайдың бірі Ақсай қаласының мектептерінің бірінде орын алып,  кәмелетке толмаған 13 және 14 жастағы қыз балалар бір-біріне балағат сөзлер айтып, аяғы  төбелеске ұласқан.

Бұзақылық әрекеттері үшін жауапталды

15/01/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жаңажыл түнінде өзінің танысының тұрғын үйінің гаражының қоршауына, қабырғасына, қақпасына дәретін құйып ластаған Ю.Усоваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

 

Сотта құқықбұзушы жәбірленушімен бұрын бірге жұмыс жасағанын, оған ренжігеннен жоғарыда аталған бұзақылық әрекеттерді жасағандығын айтты.

Жәбірленуші сотта осындай жағдай бірнеше рет қайталанғандықтан, 45 000 теңгеге бейнекамера құрылғысын орнатуға мәжбүр болғанын түсіндірді.  

Мейрамханада бұзақылық жасады деп айыпталғандар қамауға алынды

14/01/2015

 

Бөрлі аудандық соты 28 жастағы екі жігітке қатысты бұлттартпау шарасы түрінде қамауға алуға санкция берді.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 10 қаңтарының түнінде  «Ривьера»  мейрамханасында, келушілер арасында дау шығып, арты  төбелеске ұласып,  төбелес барысында біреуі травматикалық қару қолданған. Салдарынан жәбірленушінің біреуі алған ауыр дене жарақаттардан қылмыс болған жерде қайтыс болып, екіншісі Бөрлі аудандық ауруханасында стационарлық ем қабылдауында.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік қамауға алынды

29/12/2014

Құқықбұзушы Ж. Марксов Тасқала ауданының Ақтау  ауылында аталған ауылдың тұрғынын еш себепсіз балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзыған және ұсақ бұзықылық жасаған.

Тасқала аудандық сотының  қаулысымен Ж.Марксов ҚР ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік қамауға алынды.