Қоғамдық жерде оқ атылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық соты И.Нурланға қатысты келісімдік өндіріс процедурасын қолдануымен қылмыстық іс қарады.      

Іс материалдарына сәйкес, жас жігіт сөзге келіспеушілік барысында «Бестау» қонақ үй кешенінің ішкі есігіне «Тигр» маркалы карабиннан екі рет атып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәні толық мойындап және жасасқан процестік келісімді куаттады. Материалдық залал толық өтелуіне байланысты азаматтық талап берілмеген,

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 293 б. 3 б. 2 т.  (бұзақылық) бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі