Мейрамханада бұзақылық жасады деп айыпталғандар қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Бөрлі аудандық соты 28 жастағы екі жігітке қатысты бұлттартпау шарасы түрінде қамауға алуға санкция берді.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 10 қаңтарының түнінде  «Ривьера»  мейрамханасында, келушілер арасында дау шығып, арты  төбелеске ұласып,  төбелес барысында біреуі травматикалық қару қолданған. Салдарынан жәбірленушінің біреуі алған ауыр дене жарақаттардан қылмыс болған жерде қайтыс болып, екіншісі Бөрлі аудандық ауруханасында стационарлық ем қабылдауында.

Аталған қылмыстық құқықбұзушылық Қазақстан Республикасының  жаңа Қылмыстық-процестік кодексiнің талаптарына сай, Бөрлі АІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

 Бөрлі аудандық соты бір күдіктінің әрекетін ҚР ҚК 293 б. 2 б. 1 т. дәрежелеп, 10 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Екінші күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК  293 б. 3 б. 2 т., 99 б. 1 б. дәрежеленіп, екі ай мерзімге қамауға алуға санкцияланды. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі