Ақжайық аудандық №2 соты

«Медиация туралы» Заңының қабылдануы күні қарсаңында салтанатты жиналыс өтті

08/08/2016

Ақжайық аудандық № 2 соты Тайпақ ауылдық әкімшілік ғимаратында Тайпақ ауылында «Медиация туралы» Заңының қабылдануы күні қарсаңында салтантты жиналыс өткізді.Шараға  сот төрағасы Тамара Гумарова,  Тайпақ ауылдық округінің әкімі Боранбай Қыдыргужин, кәсіпқой емес медиаторлар, ауылдық әкімшіліктердің мамандары  қатысты.

Шетелдік азамат ЖҚЕ-нің талаптарын бұзған

28/07/2016

Ақжайық аудандық №2 соты Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік істі қарады.

Шетелдік азамат жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алдында келе жатырған көлік құралына соқтығысып, соның салдарынан көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

28/07/2016

ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделгендей сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға – он АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады, не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Заңсыз қару сақтаудың салдары

27/07/2016

Ақжайық аудандық №2 соты ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік іс қарады.

Сот мамандарымен жедел кеңес өтті

21/07/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңейтілген кеңесте қозғалған мәселелерді талқылау бойынша жедел кеңес өтті.

Аудандық сотта өткен семинар

20/07/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында сот төрағасы, судья, Ақжайық ауданының аға прокуроры Д.Жумановтың және сот мамандарының қатысуымен ҚПК 97 бабы 3 бөлімінде көзделген қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу туралы  қылмыстық-процестік заңнамасының  нормасын зерделеу бойынша семинар өтті.

Оқты заңсыз сақтаудың салдары

13/07/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482 б. 1б. әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқықбұзушы iшкi iстер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған бір дана оқты заңсыз сақтаған.

Неке бұзу туралы төрт іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында 2016 жылдың бес айында неке бұзу туралы 12 талап арыз түскен. Сот неке бұзу туралы алты азаматтық іс бойынша талап арызды қанағаттандыру туралы  шешім шығарып, төрт іс бойынша тараптар сотқа іс жүргізуді тоқтату туралы келісімді ұсына отырып, кәсіби емесс медиатордың көмегімен медиациялық келісімге келген.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен ақпараттық жүйелермен жұмыс туралы семинар өтті

03/06/2016

Ақжайық аудандық №2  соты «Төрелік» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу» тақырыбында судьялардың, сот  кеңсесінің  мамандарының, Ақжайық аудандық аға прокуроры Д.Жумановтың, БҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке  алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Н.Жағыпаровтың  қатысуымен семинар сабағы өтті.

Облыстық соттың судьялары Тайпақ, Алмалы және Базаршолан ауылдық округтерінің медиаторларымен кездесті

27/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ақжайық аудандық №2 сотына істер мен материалдарды қарау және  аудандық сотта іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында  облыстық соты бірқатар шаралар ұйымдастырды.

Беттер