Ақжайық аудандық №2 соты

Аудандық сотта семинар-кеңес өтті

24/05/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында сот қызметкерлері арасында соттардың әкімшілік ғимараттар мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар-кеңесі өтті.

Еңбек өтілі анықталды

23/05/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында заңды мәні бар еңбек өтілін анықтау жөніндегі арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

11/05/2016
Ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы талап арызымен Ақжайық аудандық №2 сотына жүгінген.
Сот отырысында ерлі-зайыптылар кәсіпқой емес медиатор арқылы келісімге келіп,  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

11/05/2016
Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қаралды.
Істің мәні бойынша, құқық бұзушы көлік құралын алкоголдік масаң күйінде басқарған.

Ақжайық ауданының №2 соты бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді

18/04/2016

Ақжайық  аудандық №2 сотында   ауыл әкімшілігінің,  полиция бөлімінің өкілдерінің, соттың судьялары мен қызметкерлерінің  қатысуларымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Тараптар келісімге келді

14/04/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ақсуат ауылында орналасқан өзінің тұрғын үйінде азаматтық некедегі жұбайына былапыт сөйлеп, отбасының мазасын алып, тыныштығын бұзған. Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, жұбайынан кешірім сұрағанын көрсетті.

Бөтеннің мүлкін ұрлап, жазаға тартылды

14/04/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 3 т. ұрлық, яғни, тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру туралы қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы алкогольді масаю күйінде жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 28 000 теңгенің мүлкін жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Медиация кабинеті оң нәтиже беруде

31/03/2016

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» арқылы Ақжайық аудандық №2 сотына Тайпақ ауылының екі тұрғыны  жауапкерлерден қарыздарын өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сотта  жауапкерлер талапкерлердің дүкенінен азық-түліктерді қарызға алып, белгіленген мерзімде қарыздарын қайтармағаны белгілі болды.

Балық аулау қағидаларын бұзған үшін айыппұл салынды

31/03/2016

Ақжайық аудандық №2-ші соты ҚР ӘҚБтК-нің  383 бабының 3 бөлімімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Беттер