Ақжайық аудандық №2 соты

Алмалы ауылында медиация кабинеті ашылды

30/03/2016

Алмалы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Шараға Ақжайық аудандық №2 сотының төрайымы, ауылдық округ әкімі А.Елеусинов, кәсіпқой емес медиатор Ж.Бекишев  және ауыл тұрғындары қатысты.

"Сот кабинеті» сервисінің жаңа функционалы

29/03/2016

Ақжайық  аудандық №2 сотында ҚР ӘМ «Сот кабинеті» сервисіндегі «Әкімшілік істер бойынша шағымдар (наразылықтар)» жаңа функционалы» тақырыбында  семинар өтті.

Семинарға сот төрайымы Т.Гумарова, сот мамандары  қатысты.

«Төрелік» пен «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» функционалдары

25/03/2016

Ақжайық  аудандық №2 сотында ҚР ӘМ «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) мәселелері бойынша  семинар өтті.

Семинарға сот төрайымы Т.Гумарова, сот мамандары және Ақжайық ауданының сот актілерін орындау  бойынша аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы А.Таженов  қатысты.

Электрондық сот ісін жүргізу мәселелері жөнінде семинар өтті

11/03/2016

Ақжайық  аудандық №2 сотында электрондық сот ісін жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізушілік мерзімді сақтау мәселелері бойынша  семинар өтті.

Аталған шараға сот төрайымы Т.Гумарова, судья В.Адушева, сот мамандары мен Тайпақ ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының  инспекторы С.Мулдашева қатысты.

Тайпақ ауылында медиация кабинеті ашылды

01/03/2016

Тайпақ ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Шараға Ақжайық аудандық №2 сотының судьялары, ауылдық округ әкімі Б.Кдыргужин, кәсіпқой емес медиатолар О.Жексенбаев, С.Тлекеева, Ә.Елмұрат, Ғ.Аділова қатысты.

Аудандық сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеудің негізгі тұстары талқыланды

26/02/2016

Ақжайық  ауданының №2 сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеудегі негізгі тұстарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

«ХҚКО» РМК-нің қызметкерлеріне көшпелі семинар өткізілді

17/02/2016

Ақжайық аудандық №2 сотының мамандары  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Тайпақ секторында  «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысын түсіндіру бойынша көшпелі семинар өткізді.

Аталған семинарға  «ХҚКО» РМК-ның инспекторлары қатысты.

Беттер