Ақжайық аудандық №2 соты

Тараптар мәмілеге келді

15/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында  175 бабы  2-бөлімінің «в»  тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен Алиев, ҚР ҚК 67 б. 2б. негізінде  ҚР ҚК 175б. 2б. «в» т. бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

 Сотталушы Алиев бөтен жайға кіріп, сол жерден етікті қолды қылып, жәбірленушіге 20 000 теңге материалдық шығын келтіргені үшін айыпталған.

Іс тараптардың өзара татуласуымен қысқартылды

10/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Алмалы ауылының тұрғыны денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін сотқа тартылған.

Сот отырысында тараптар татуласуларына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты  іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Жол-көлік оқиғасы үшін жаза тағайындалды

29/10/2014

 

Орал қаласының тұрғыны Атырау-Орал тас жолында автокөлігін басқарып келе жатып, жолшыбай велосипедшіні қағып кеткен. Салдарынан көлік ішінде болған жолаушының денсаулығына  орташа дәрежелі зақым келтірілген.

Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындады

Ақжайық ауданының №2 сотының қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 468-1-бабымен кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып және 2  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Беттер