Ақжайық аудандық №2 соты

Қамаққа алынды

25/11/2015

Ақжайық аудандық №2 соты құқықбұзушы Шуринге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлімімен әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық іс құжаттарына сай, құқықбұзушы Шурин қоғамдық орындарда масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған. Сот отырысында құқықбұзушы әрекеттерін толық мойындады.

Соттың қаулысымен Шурин ҚР ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 тәулік әкімшілік қамаққа алынды. 

20 тәулікке қамалды

25/11/2015

Ақжайық аудандық №2 соты құқықбұзушы Кукетаевқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлімімен әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, құқықбұзушы көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, мас күйінде көлік басқарып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Кукетаев ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 6 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, құқықбұзушы 20 тәулік әкімшілік қамаққа алынды. 

Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

20/11/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін, көлік басқару құқығынан айырылған К-ға қатысты   ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімімен  көлік құралын басқаруы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Талап қанағаттандырылмады

20/11/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында «ФА Альянс Финанс» ЖШС-нің жауапкер К.К.Есмухановадан 101 272 теңге 98 тиын берешекті және 3 038 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өз талабында «Альянс-Банк» АҚ-ы 2006 жылы  жауапкер Е.Е.Есмухановаға банктік заем берген. Алайда, жауапкердің несиені өтеу мерзімін бұзуы салдарынан банкке берешек сомасы 101 272 теңге 98 тиынды құраған.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/11/2015

Ақжайық аудандық №2 сотына айыпталушы К-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған, жәбірленушінің жекеше  шағымы түсті.

Сот талқысы барысында тараптар медиация тәртібімен жасалған келісімді ұсынып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Осыған байланысты аталған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен тоқтатылды.

 

2015 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс қорытындысына арналған баспасөз маслихаты

21/10/2015

Ақжайық ауданының №2 сотында 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысына арналған баспасөз маслихаты өтті.

Шараға "Жайық таңы" баслымының тілшісі қатысты.

Баспасөз маслихаты барысында соттың төрайымы Г.Сағитова 2015 жылдың 9 айында сотта қаралған істердің статистикалық мәліметтерін хабарлады. 

Жекеше нотариусқа қатысты іс қаралды

19/10/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 229-бабының 1-ші бөлімімен /жекеше нотариустың өкілеттіктерін теріс пайдалануы/ /1997 жылғы редакциясы/,  сотталған А.Г.Жумагазиевқа қатысты кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім бойынша қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін ескерту берілді

15/10/2015

Ақжайық аудандық №2 соты  ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп
жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты ата-аналарына қатысты төрт әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Екі іс медиация тәртібімен тоқтатылды

15/10/2015

Ақжайық аудандық №2 соты  азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Ақжайық аудандық №2 сотына екі айыпталушыны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен /Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру/ қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған екі жекеше  шағым түсті.

Айыппұл салынды

30/07/2015

Ақжайық аудандық №2 соты құқықбұзушы Хабирге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қарады.

Құқықбұзушы Хабир жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алда жүріп келе жатырған көлікке соқтығысып, иесіне материалдық залал келтірген.

Соттың қаулысымен Хабир әкімшілік құқық бұзушылық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19 820 теңге айыппұл жазасы қолданылды.

 

Беттер