Ақжайық аудандық №2 соты

Азаматтардың қолайлығы үшін ақпараттық баннер орнатылды

09/02/2016

Ақжайық аудандық №2 соты Тайпақ ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып,  Тайпақ ауылында  «Сот кабинеті» және оның мобильді нұсқасы электрондық сервисінің қызметтері туралы ақпараттық баннерін орнатты.

Жол қауіпсіздігін қадағаламаған

08/02/2016

Ақжайық аудандық №2 соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Имашевқа  қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Имашев  автокөлікті басқара отырып, жол және метереологиялық жағдайды ескермей, алдыңғы көлікке соқтығысып, салдарынан иесіне материалдық залал келтірген.

Жыл қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

08/02/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында 2015 жылы сот әділдігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Шара барысында сот төрайымы Т.Ғұмарова 2015 жылы қаралған  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша  статистикалық көрсеткіштерді атады.

Шетелдік азамат ЖҚЕ бұзған

20/01/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында Беларусь Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 1-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Шетелдік азамат Жол қозғалысы ережесінің талаптарын бұзып, алдыңғы көлік құралына соқтығысып, салдарынан көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен Беларусь Республикасының азаматына 10 АЕК мөлшерінде 21210 теңге айыппұл жазасы қолданылды.

Көрінеу жалған сенімхатты пайдаланғаны үшін сотталды

28/12/2015

Ақжайық ауданының №2 соты азамат Х-қа қатысты ҚР ҚК-нің 385 б. 3 б. /көрінеу жалған құжатты пайдалану /айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарынан мәлім болғандай, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны көрінеу жалған құжатты пайдалану мақсатында «Honda Odyssey» маркалы  автокөліктің иесінің орнына сенімхатқа өзі қолын қойып, аталған көлікті өзінің баласынын атына рәсімдеген.  

Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

24/12/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімімен /көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы/,  сотталған Куспановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бас бостандығынан айырылды

18/12/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-ші бөлімімен /көлiк құралдарын басқаратын адамдардың көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет/,  сотталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей сотталушы К. Атырау-Орал тас жолында  жол қозғалысы Ережесінің талаптарын өрескел бұзып, көліктің руліне ие бола алмай, «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігін тас жолының жанына аударып алған.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін айыппұл тағайындалды

15/12/2015

Ақжайық аудандық №2 соты ҚР ҚК-нің 296 б. 3 б. азамат Ж.-ға қатысты үкім жариялады.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей сотталушы Ж. мас күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Мастық күй фактісін белгілеу үшін Тайпақ  ауылдық аурухананың жедел жәрдем бөліміне медициналық куәландырудан өткізуге жеткізілген. Жеке басын тінту өткізу барысында оның үстіндегі күртешесінің оң жақ қалтасынан газет қиындысына оралған жасыл түсті шөп тәрізді зат алынған.

Баласының тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеген

10/12/2015

Ақжайық аудандық №2  сотында ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1- бөлігімен азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша С. өзінің 15 жасар ұлына қатысты ата–аналық міндетін еш себепсіз орындамау салдарынан, жасөспірім орта білім беретін мектептегі 222 сағат сабағына қатыспаған.

Сот отырысында азаматша С. өзінің іс-әрекетін толық мойындады. Алдағы уақытта баласының тәрбиесі мен тәртібіне көбірек көңіл бөлуге сөз берді.

Дау медиация тәртібімен аяқталды

02/12/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында медиативтік келісім бекітілді. 

Талапкер Н. жауапкер К-ден қарызға берген 200 000 теңгені және 2000 теңге мемлекеттік бажды өндіріп беру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сот мәжілісінде медиация тәртібімен тараптар келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер талап арызды мойындап, 2015 жылдың желтоқсан айының 15 дейін қайтаратын болып міндеттенді.

Осыған байланысты аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Беттер