Ақжайық аудандық №2 соты

Телефон төлемін уақтылы өтемеген

09/06/2015

Ақжайық аудандық №2-ші соты «Казахтелеком» АҚ-ның Ақсуат ауылының тұрғынынан телефон қызметі үшін уақтылы төлем жасамау салдарынан пайда болған қарызын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Ақжайық аудандық сотының ұжымы сот жүйесінде қызмет еткен ҰОС ардагерлерін құттықтады

12/05/2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ақжайық аудандық №2 соты ұжымының бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері полковник Қуаншалиев Ғабделқайыр Зейінұлының қатысуымен жиын өткізілді.

Ғабделқайыр Зейінұлы құқық қорғау органының құрметті қызметкері, зейнеткер соғыстан кейін сот жүйесінде еңбек еткен.

Анонс: 10 сәуір күні Ақжайық аудандық №2 соты «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасы» тақырыбында

09/04/2015

2015 жылдың 10 сәуір күні Ақжайық аудандық №2 сотында сот жұмысының бірінші жартыжылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған Ақжайық аудандық прокуратура өкілдерінің, Тайпақ полиция бөлімінің, ауылдық округ әкімдігінің өкілдерінің және кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дау медиация тәртібімен реттелді

13/03/2015

Ақжайық аудандық №2 сотына «Сот кабинеті» сервисі арқылы талапкер Темирхановадан Тайпақ ауылының тұрғындарынан бережақ өндіру туралы талап арыздар түсті. Жауапкерлер Темирханованың талабын толық мойындап,  татуласқандарын жеткізіп, соттан азаматтық істерді қысқартуды сұрады.

Талап арыздар бойынша азаматтық іс қаралып, дау медиация тәртібімен реттеліп, тараптар келісім жасауына және оны сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды.

 

Бюджет қаржысы қайтарылды

18/02/2015

Ақжайық аудандық №2 сотының 20.05.2014ж. үкімімен С.Н.Ерниязов ҚР ҚК 114 б. 2 б. кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге шартты түрде бостандығынан шектеліп,  1 жылға медициналық қызметпен шұғылдану құқығынан айыруы жазасы тағайындалды.

Осы үкім негізінде Ақжайық аудандық ауруханасынан кәмелетке толмаған жәбірленушінің өкілінің пайдасына 2 000 000 теңге моралдық залал өндіріліп, 11.09.2014ж. көрсетілген сомасы жәбірленушінің өкілінің атына толықтай аударылған.

Ақжайық аудандық №2 сотының 2014 жылдағы жұмыс қорытындысы

10/02/2015

 

Ақжайық аудандық №2 сотында 2014 жылы атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Г.Т.Сағитова, бұқаралық ақпарат құралдары «Жайық таңы» газетінің өкілі қатысты.

Баспасөз маслихаты барысында сот төрайымы Г.Сағитова сотта қаралған істер санаты бойынша соның ішінде, 2014 жылы қаралған  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істерінің 2013 жылмен салыстырмалы түрдегі статистикалық көрсеткіштері туралы айтты.

Күзетпен ұстауға санкция берілді

10/02/2015

Ақжайық аудандық №2 соты  ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігімен ірi мөлшерде жасалған ұрлық үшін айыпталған азамат С. қатысты күзетпен ұстауға санкция беру туралы  өтінішті қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, ер адам «Жамбыл» шаруа қожалығының аумағынан үш бас жылқыны жасырын ұрлаған. Айыпталушының қылмыстық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге 1 350 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Осы факты бойынша ҚР ҚІЖК 131 бабы негізінде күдікті азамат С. ұсталды.

Шетелдікке қатысты сот үкімі шықты

10/02/2015

Ақжайық аудандық №2 сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматы Хаджаров Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс колониясында өтеу тағайындалған. 

Тараптар бітімгершілікке келді

05/02/2015

Ақжайық аудандық №2 сотында  азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Ақжайық аудандық №2 сотында  тараптар арасындағы тағы бір дау медиация тәртібімен шешілді. Талапкер Д. жауапкер Қ-ның 129 000 теңгеге заттай тауар алғанын, ал, 54310 теңге қарызын күні бүгінге дейін қайтармай отырғанын көрсетіп, сотқа жүгінген.

Тараптар келісімге келді

22/01/2015

 

Ақжайық аудандық №2 сотында қарызды өндіру жөніндегі талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мәжілісінде талапкер берешек құнын азайтқанын, ал жауапкер өз тарапынан әр айдың соңында төлеп тұруды міндетіне алғанын көрсетіп, осыған байланысты медиация тәртібімен келісім жасап, бекітуді сұрады.

Аталған азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен реттеліп, тараптар келісім жасауына және оны сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды.

Беттер