Жасөспірімдер соты анасы мен қызын әкімшілік жауапкершілікке тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анасы мен қызына қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 127-бабы 1-бөлігімен (ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғанындай, төрт баланың анасы 8 сыныпта оқитын кіші баласының оқытуы және тәрбиелеуі жөніндегі міндеттерімен айналыспаған. Бұл жағдай оның өзімен бірге бір үйде тұратын, 2003 және 2004 жылы дүниеге келген балалары бар үлкен қызына да қатысты.

БҚО жасөспірімдер соты балаларын оқыту және тәрбиелеуі жөніндегі міндеттерімен айналыспаған екі әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әрқайсысына 14 847 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

    

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі