Жасөспрімдерді ішімдік ішуге еліктірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ересек адамдар салауатты өмір салтын, арақ ішімдіктерінің және темекі бұйымдарының зияны туралы насихаттау керек.

Өкінішке орай, ересек адамдардың салауатты өмір салтын ұстануға шақырмақ түгілі, өздері баланы алкогольдік ішімдіктер ішуге еліктіріп жүргеніне куә болуып жүрміз.

Жас шамалары 25 және 27-гі екі жігіт БҚО Бөрлі ауданының ауылдарының бірінде кәмелетке толмаған 2001 және 2002 жылы дүниеге келген екі қыз баланы ішімдікке масаю күйіне жеткізген.

Сот мәжілісінде Б және М. өз кінәларын толықтай мойындап, жас өспрім қыздармен болған оқиғаға дейін, екі күн бұрын, әлеуметтік желіде танысқандарын айтқан. Сотталушылар қыздармен кездесіп, арақ іше бастаған. Бірақ, жасөспірімдер ішімдік ішуден бас тартқандарымен, оларды қорқыту арқылы ішкіздірген.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Б мен М-ды ҚР ӘҚБтК-ң 131 бабымен айыпты деп танып, оларға 39 640 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды. 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі