Архив событий

26/05/2017

Облыс судьялары істердің жекелеген санаттары бойынша медиацияны қолдануды зерделеді

26/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы облыс судьяларымен істердің жекелеген санаттары бойынша медиацияны қолдану және дауды сотқа дейінгі реттеудің пилоттық жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі Жоғарғы Соты хатын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Рақымшылық туралы Заңы қолданыста

26/05/2017

2016 жылдың 14 желтоқсанынан бастап «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай «Рақымшылық туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізіліп, аталған Заң талаптарына сай  қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады. Бұл санатқа кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдер, жасы елуге толған әйелдер мен  жасы алпысқа толған ер адамдар, I, ІІ және IIІ  топтардғы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен  мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар жатады.

Сонымен бірге, Заң талабы бойынша пробация қызметінің бақылауындағы және шартты түрде онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған тұлғалар жазадан босатылады. Ауыр  қылмыс жасаған тұлғалардың, егер олар  қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда  жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылады.

Рақымшылық жасау актісі заң бұзған азаматтардың өзгеруіне және өмірін қайтадан бастауына мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қаратөбе аудандық соты 17 сотталған тұлғаға  қатысты босату және жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы пробациялық қызметінің 17 ұсынысын қарап, қанағаттандырды.

Қолданыстағы Заңды ескере отырып, сот  ауырлығы орташа  қылмыс үшін сотталған 7 тұлғаны, онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған 1 тұлғаны  жазадан босату, ҚР ҚК 379 бабы 1 бөлігімен сотталып, 60 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған 3 топтағы 1 әйел адамды жазадан босату, ал  ауыр қылмыс жасап  сотталған тұлғалардың 8-не  жаза мерзімінің  өтелмеген  ¼  бөлігін  қысқарту туралы қаулы шығарды.