Архив событий

03/05/2017

Жасөспірімдер қылмысын азайту мақсатында алдын алу шаралары өтті

03/05/2017

Құқықтық сауаттылық айлығы шеңберінде Шыңғырлау аудандық сотының судьясы А.Маженова аудандық колледж студентерімен кездесу өткізді.

Спикер колледж студенттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарды қандай әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартатын туралы айтып берді.

Дариянда пробация қызметінің бақылауында тұрған тұлғалармен әлеуметтік оңалту мәселелері талқыланды

03/05/2017

Дариян ауылдық округінің әкімдігінде Зеленов аудандық №2 аумақтық бөлімінің пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар және пробация қызметкерлерімен кездесу өтті.

Электрлі қаруды тиісті рұқсатсыз сақтау жауаптылыққа әкеп соғады

03/05/2017

Зеленов аудандық соты ішкi iстер органдарында тiркелмеген  электрлі қаруды заңсыз сақтау белгілері бойынша әкімшілік істі қарады.

Электрлі шокерлер міндетті тіркеуге жататынын ескеру қажет. Арнайы рұқсат алған жағдайда ғана оны сатып алуға, сақтауға және алып жүруге болады.