Архив событий

02/05/2017

Сегіз жүз миллионнан астам теңгені өндіру туралы талап медиация рәсімімен қысқартылды

02/05/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның "Жайықжылуқуат" АҚ-нан келісім-шарты бойынша тұтынылған газ үшін 821 539 525 теңге берешек сомасын және 5 091 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

02/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары мен сот қызметкерлері абаттандыру және тазарту бойынша жалпықалалық санитарлық тазалық айлығына қатысты.

Сот ұжымы дәстүрлі игі шараға белсенді қатысып, тиісті аумақты, жол жиектері мен ағаштарды ақтады, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.