Архив событий

22/09/2017

Жаңа қала ауданында медиацияны қолдану мәселелері талқыланды

22/09/2017

Жаңақала аудандық сотында істерді қарау барысында медиацияны қолдануы бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға «АЖАР», «Ардагерлер ұйымы», «Әйелдер қоғамдық кеңесі», «Руханият» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, кәсіби емес медиатор, адвокат қатысты.

Зеленов аудандық сотында гендерлік теңдік мәселелерін талқылады.

22/09/2017

Зеленов аудандық сотында өткен «дөңгелек үстел» басында  прокуратура, ішкі саясат  бөлімінің,ауданның білім беру мекемелерінің және үкіметтік емес ұйымдарының  өкілдері Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелерін талқылады.

Бөкей ордасы аудандық сотының ұжымы Батыс өңіріндегі Хан ордасы ауылында орналасқан тарихи-музей кешеніне барды

22/09/2017

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру мақсатында судья Марат Шингалиев пен Бөкей ордасы аудандық сотының мамандары Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылындағы Бөкей ордасы тарихи-музей кешеніне барып, Бөкей мен Жәңгір Ханның басқару кезіндегі Бөкей ордасының білім мен даму тарихымен танысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

22/09/2017

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің 2017 жылы 21 шілдеде жариялаған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін қатысуға жіберілген судья лауазымына үміткерлерді зерттеу үшін Батыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысын өткізілді.