Архив событий

25/09/2017

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

25/09/2017

Казталов ауданының №2 соты алаяқтық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сот отырысында жәбірленуші тарап сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы арыз түсірді.

Балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін айыппұл салынды

25/09/2017

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігі бойынша Ақпәтер ауылдық округінің «Қараөзен» өзенінен тыйым салынған құралдармен 566 дана өзен шаяндарын заңсыз аулаған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 45380 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салып, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған құралдары мен бұйымдарын тәркіледі.