Ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 -бабы 1-бөлігі бойынша Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Жәнібек ауылында орналасқан «Орталық» базарының аумағында шемішке шағып, оның қалдығын жерге тастаған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық пайдалану орнын ластаған, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұлға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі