Сот ғимаратының жанына үш би бейнеленген баннер орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайхын ауылында орналасқан Бөкей ордасы аудандық соты ғимаратының жанына үш би бейнеленген «Тура биде туған жоқ» баннері орналастырылды.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 6 жыл өтті. Оның түп тамыры тарихымыздан белгілі билер төрелігінде жатыр. Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді. Билер сотын «Халықтық ақиқаттың жаршысы", "Дауласушы тараптардың табиғи делдалдары" деп атаған. Ғалымдар ежелден дамудың алдыңғы шебіндегі көптеген халықтар таңдай қағарлықтай сот ісін жүргізудің және тергеу мен сот процесінің тамаша тәртібін көрген.

Баннер аудан тұрғындарына тәуелсіз сотты және олардың құқықтарының әділ сотпен қорғалатындарын еске түсіріп тұратын болады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі