Бөкейордасы аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкейордасы аудандық сотының төрағасы Гүлжихан Сағитова «Орда жұлдызы» басылымының тілшісі Р.Бахитованың қатысуымен 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында төраға сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.  

Өткен 6 ай аралығында аудандық сотқа 31 тұлғаға қатысты 25 қылмыстық іс түсіп қаралып, оның ішінде 14 қылмыстық іс бойынша медиация қолдану арқылы іс жүргізу тоқтатылған. 74 азаматтық іс қаралып, оның ішініде 23 іс оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен қаралып, 16 іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен тоқтатылды, және 2 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімдер бекітілді.. Есептік кезеңде 126 әкімшілік іс қаралды. Апелляцияға жіберілген 1 қылмыстық істің ақтау үкімі өзгеріссіз қалды.

Сот төрайымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келген Республика Судьяларының 7 съезінде Елбасының берген тапсырмаларын орындау жөнінде жіті бақылауда ұстау, ең алдымен, сот жүйесінің беделін және қоғамның оған деген сенімін және соттардың ақпараттық ашықтығын арттыру, жұртшылықпен және БАҚ-пен жұмысты күшейту міндеттерді қойылды. Осы міндеттерді орындау барысында қажет болған жағдайда тұрғындармен кездесіп, адамдарды тыңдауға, олардың мәселелеріне мән беріп қарап және қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды шешу үшін барлық шараларды қабылдау болып табылады және Ұлт жоспарын одан әрі іске асыруға айрықша назар аудару қажет екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, тоқсан сайын Мемлекет басшысы жария еткен «Ұлт жоспары – тәуелсіздік тұғыры» Ұлт жоспарындағы негізгі басымдықтар түсіндіріліп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілгенін, соның ішінде сот саласын барынша сапалы, халыққа жақын етудің жолдары қарастырылғанын, сот жүйесінде қолданылып жүрген соңғы технологияның маңызы, жаңалығы, «Сот кабинетінің» тиімділігін және халықтың сотпен байланысын жеделдетуге бағытталғаны туралы және тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру мақсатында шаралар өтікізіліп тұратынын хабарлады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі