Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу –ыңғайлы, тез және оңай

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Азаматтық ісжүргізу кодексінде  «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының реформасы көрініс тапты. Кодекс сот тиімділігінде азаматтар мен заңды тұлғалардың бостандықтары мен заңды мүдделерін, конституциялық құқықтарын және даулардың шешу сапасының жеделдігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Сот ісін қысқарту мақсатында, іс жүргізудің жаңа түрі–оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу енгізілді.

Осылайша, БҚО Зеленов аудандық №2 соты ағымдағы жылдың 3 ай ішінде 25 азаматтық істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарады.

ҚР АІЖК-нің 145 б. сәйкес, егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Тараптарға істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен жүргізу хабарлағаннан кейін, азаматтық істер оңайлатылған өндірісте қаралды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі