Облыстық сотта кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істерді қарау мәселелері зерделенді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар барысында судьялар республика соттарының кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істерді қарауы туралы Жоғарғы Сотының хатын зерделеді.

Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау жөніндегі мүліктік шектеулер қамтылған АІЖК-нің істерді қарау мерзімін қысқартуға және шешімі бойынша бірқатар істер түпкілікті болып табылатын, апелляциялық сатыдағы соттың рөлін күшейтуге жолданған. Сот актілерін қайта қарауды жүзеге асыратын әрбір саты үшін, сот белгілі бір шектеулер белгілеген, бұл ретте сот актілерін құқығы бойынша кассациялық сатыда тексеру жүзеге асырылады.

Зерттеу барысында жауапкерді кассациялық тәртіппен сот актісін даулау құқығынан айырып,  мұндай даулар бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарауға  мүмкіндік бермейтін сот актілерін,  талап қою талаптарын сомаға бөлшектеу жолымен, борышты өндіріп алу (шығынның зиян) фактілері анықталған.

Хатта аталғандай, осындай талап-арыздар ұсынылған жағдайда, бастапқыда мәлімделген талап қою бағасы көрсетілген талаптардың шегінде сот актісін шығару, оны кейіннен сол нысана туралы және сол негіздер бойынша берешектің қалған бөлігін өндіру туралы талапты қарау құқығынан айыратынын соттар  талапкерге түсіндірулері қажет.

Апелляциялық сатыдағы сот актілерінің қарар бөлігінде АІЖК-нің 434-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, оларды кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру мүмкіндігін көрсету қажет.

Кассациялық тәртіппен қарау үшін мүліктік шектеулерден асатын, міндеттемелердің жалпы сомасынан бір бөлігі өндірілген, заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту туралы өтініштер, Жоғарғы Сотында алдын ала қарау үшін қабылдауға жатады.

Жоғарғы Сотының ұсыным хаты жұмыста басшылыққа алу үшін қабылданды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: