Наурыз мерекесі құрметіне

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мерекелік салтанатта облыстық сот төрағасы Бек Әметов жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, Қазақстан халқы биылғы Наурызды айрықша сепіліс жағдайында Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауымен тұспа – тұс келіп жатқан жауапты кезеңде қарсы алып отырғанына тоқталды. Соттар сайлаудың заң аясында, азаматтардың конституциялық құқықтарына сай өтуін қамтамасыз ететіндігін атап көрсетті. 

Көктемнің, береке – бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, татулық пен достықтың мерекесі әр отбасына жақсылық, ынтымақ пен жарасым әкелуіне тілектестігін білдірді.  

Мұнан соң Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы И. Сматов мерейлі мерекемен құттықтап, шынайы лебізін білдірді. 

Сөйлеушілер сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісі болып тағайындалған Батыс Қазақстан облысының Соттар Әкімшісі Е.Айтпайды жаңа қызметімен құттықтап, сәт- сапар тіледі.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі