Архив событий

10/03/2016

Шөптікөл ауылында медиатор кабинеті ашылды

10/03/2016

Қаратөбе ауылдық округі әкімдігінің Шөптікөл ауылындағы ғимаратында медиатор кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Жангирова, ауылдық округ әкімі Ғ.Қайырғалиев, кәсіпқой емес медиаторлар  қатысты.

Аудандық соттағы семинар

10/03/2016

Ақжайық  аудандық №2 сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Ақжайық  аудандық №2 сотының төрайымы Т.Гумарова, судья В.Адушева, кеңсе меңгерушісі А.Жаманова мен кеңсе мамандары қатысты.

Орал қалалық соты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысының орынбасарына қатысты істің үкімін жариялады

10/03/2016

БҚО Орал қалалық соты лауазымды тұлғаның пара алу фактісі бойынша қылмыстық істің үкімін жариялады

Іс материалдарына сай «Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Д.Казиева «Орал-Атаба»ЖШС-нің директорынан кәсіпорын қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған

Сотта медиация рәсімі қолданылды

10/03/2016

Шыңғырлау аудандық соты С. Молошенконы ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлімімен айыптау туралы қылмыстық ісін қарады.

Іс материалдары бойынша, сотталушы С. Молошенко ұсақ-түйек жымқыру, яғни өзгенің мүлкін болмашы мөлшерде ұрлады деп айыпталған.

Жалған сөздің жазасы бар

10/03/2016

Шыңғырлау аудандық сотында сотталушы А. Жакслыкованы ҚР ҚК-нің 419 бабы 3 бөлімімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотқа дейінгі тексерумен анықталғанындай, Шыңғырлау ауылының тұрғыны көрінеу жалған сөз жеткізу мақсатында, аудандық прокуратураға ауыр қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген.

Тараптар медиативтік келісімге келді

10/03/2016

Ақжайық аудандық соты жол-көлік оқиғасы салдарынан орын алған материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сотта істі қарау барысында  тараптар кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен, ҚР «Медиация туралы» Заңына сай  келісім жасап, дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы  жасалған келісімді сотқа ұсынды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне дәріс өтті

10/03/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.Есеналиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне «Қазақстан Тәуелсіздігіне -25 жыл» тақырыбында дәріс сабағын жүргізді.