Архив событий

16/03/2016

Монополияға қарсы органның әрекеті заңды деп танылды

16/03/2016

Батыс Қазақстан мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жайық Мерген Консалтинг» ЖШС «ҚР ЖЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ-не тергеу жүргізу қорытындысы бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

БҚО сот жүйесінің ардагері 85 жасқа толды

16/03/2016

Облыстық сот мұрағатының бұрынғы меңгерушісі, сот жүйесінің ардагері, бүгінде құрметті демалыстағы  Раиса Усмановна Хисаметдинова 85 жасқа толды.

Осынау атаулы күні БҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Р.Айтмағамбетов пен персоналды басқару бөлімінің бас маманы А.Мазалиева сот жүйесі ардагерінің үйінде болып қайтты.

Екі жүйенің ақпараттық іс-қимылын талқылау жөнінде семинар өтті

16/03/2016

Зеленов ауданының №2 аудандық сотының бастамасымен «Төрелік» ақпараттандыру жүйесін біріктіру» және «Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің атқарушылық  іс-жүргізу органы» (АЖ мен АІЖО ААЖ)» тақырыбында семинар өтті.

Облыс тұрғындарының назарына

16/03/2016

Медиация – даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ үшінші тарап–медиатордың қатысуымен шешілед. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, дербес, өзара қолайлы шешімге келеді.        Даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты. Медиацияның ерекшеліктері болып бұл рәсімнің икемді әрі бейресмилігі болып табылады.  Медиацияда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі анықталмайды.

Аудандық сотта семинар сабағы өтті

16/03/2016

Жаңақала аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық бағдарламасымен жұмыс істеу жөнінде «Сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау инструкциясын талқылау» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен мамандары қатысты.

Жаңа азаматтық процестік кодексінің мәселелері жөніндегі «Дөңгелек үстел»

16/03/2016

Казталов аудандық сотында «Казталов аудан әкімі аппараты» ММ-нің, «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, «Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, «Казталов-Сервис» ЖШС-нің, «Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-нің өкілдерінің, «Ауыл айнасы» газеті тілшісінің және судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Жаңа азаматтық процестік кодек

Январцев ауылының тұрғыны полиция қызметкерін балағаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды

16/03/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК 378 б. 2 б. (билік өкiлiн қорлау) бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы куәгерлер және полиция қызметкерінің көзінше яғни, көпшілік алдында билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлаған.

Қылмыстық іс процестік келісім бойынша қаралды

16/03/2016

Ақжайық аудандық соты ұрлық туралы қылмыстық істің үкімін жариялады.

Қылмыстық іс сотқа Ақжайық ауданының прокуроры мен сотталушы арасында ҚР ҚК-нің 175-бабы  3-бөлігінің «б» тармағымен (Ұрлық, 1997ж. редакцияда)  жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім бойынша түскен.