Архив событий

30/03/2016

Анонс: «Ашық есік күні»

30/03/2016

31.03.2016ж. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Ашық есік күнін" өткізеді.

Алмалы ауылында медиация кабинеті ашылды

30/03/2016

Алмалы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Шараға Ақжайық аудандық №2 сотының төрайымы, ауылдық округ әкімі А.Елеусинов, кәсіпқой емес медиатор Ж.Бекишев  және ауыл тұрғындары қатысты.

Дау бітімгершілікпен шешілді

30/03/2016

Зеленов ауданының №2 сотында  ар-намыс, абырой және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша азаматтық ісін қарады.

Талапкер жауапкердің өзі туралы ұжым арасында өсек таратып, дау шығарып, жұмысына немқұрайлы қарайтыны туралы кінәлап, түрлі орындарға арыз жазғанын көрсетіп сотқа жүгінген.

Меншік құқығын тану туралы арыз қанағаттандырылды

30/03/2016

Зеленов ауданының №2 сотында шағын кемеге (өзен қайығы) меншік құқығын тану туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер 2007 жылы су қайығын сатып алған уақыттан бастап, өзінің жеке меншігіне пайдаланып, ашық және үздіксіз қолданғанын көрсеткен талап арызымен сотқа шағымданған. Осыған байланысты иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған.

Сот жол-көлік оқиғасына себепкер мас жүргізушіні жазаға тартты

30/03/2016

Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚбК-нің 608 б. 3 б. азамат әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес,  құқық бұзушы алкогольдік ішімдік ішкен күйде  автокөлікті басқарып, өзіне және  жол қозғалысының  басқа да қатысушыларына қауіп төндіріп, қатар жүріп келе жатқан көлікпен соқтығысып, иесіне мүліктік зиян келтірген.

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылды

30/03/2016

Орал қалалық соты денсаулыққажеңіл дәрежедегі зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес сотталушы Орал қаласындағы үйлердің бірінің подъезінде жәбірленушімен сөзге келіп қалып, оған дене жарақаттарын келтірген. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сай әйел адамға жеңіл дәрежеде дене жарақаттары келтірілген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/03/2016

Орал қалалық соты ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Қылмыстық іс материалдарына сай А.Нигметов автобус аялдамасында А.Акмурзиеваның сөмкесінен ішінде 75 000 теңге ақшасы бар әмиянын жымқырып, ұрланған мүлікпен оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге аталған көлемде материалдық шығын келтірген.