Архив событий

18/03/2016

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтті

18/03/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарсаңында «Ашық есік күні» өтті.

Дау сот медиациясы тәртібімен шешілді

18/03/2016

Қаратөбе аудандық соты берешекті өндіру туралы А-ның талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғанындай, 2015 жылдың қазан айында жауапкер қол хат арқылы талапкерден 2015 жылдың қараша айының 10-на дейін қайтаратын болып, 25 000 теңге ақша алып, міндеттемесін орындамаған.

Корпоративтік дау сот медиациясы арқылы шешімін тапты

18/03/2016

Шаруа қожалығы «Жерұйық» ӘӨК басқарманың 2015 жылғы 6 ақпандағы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысында тараптардан іс бойынша дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге қол қойылғаны туралы арыз түсті.

Сотта дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімнің тараптармен ерікті түрде жасалғандығы, тараптармен қол қойылғандығы және «Медиация туралы» ҚРЗ талаптарына сәйкес, Заңға қайшы келмейтіндігі анықталып, іс өндірісі бар судьямен тараптардың өтініштері бойынша бекітілді.

Оңайлатылған тәртіппен қаралған іс бойынша медиация кабинетінде алғашқы реттелген дау

18/03/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында, ҚР АПК-нің 144-147 баптарына сәйкес, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен бережақты өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдар бойынша талапкер жауапкерден белгілі мөлшердегі бережақты өндіруді сұрайды.

Экономикалық соттың судьясы радиодан сұхбат берді

18/03/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Есеналиев  «Казақстан» БҚОФ радио толқынының эфирінен «Қазақстан Тәуелсіздігіне -25 жыл» тақырыбында сөз сөйледі.

Тұрғын жайға заңсыз басып кірген

18/03/2016

Казталов аудандық соты Жалпақтал ауылының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен (тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы бұрынғы жолдасының үйіне  терезедегі желкөз арқылы кіріп, онда тұратын адамдардың еркiнен тыс заңсыз басып кiру құқықбұзушылығын жасаған.

Аудандық сотта "дөңгелек үстел" өтті

18/03/2016

Зеленов ауданының №2 сотында «Сот ғимратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақыбырында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Сот банктік берешекті өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

18/03/2016

Зеленов ауданының №2 соты «Kaspi Bank»АҚ жауапкерге қатысты банктік берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот мәжілісінде анықтағандай, екі тараптардың арасында банктік ұсыным келісім шарты жасалып, соған сәйкес жауапкерге 1 152 617 теңге көлемінде 17,99% жылдық пайызымен несие берілген.

Аудандық сотта семинар сабағы өтті

18/03/2016

Казталов аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинар сабақта «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» талқыланды. 

Келісім шарттарын тиісті түрде орындамаған туралы талап қанағаттандырылды

18/03/2016

Зеленов ауданының №2 соты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкерден берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот мәжілісі барысында анықталғанындай екі тараптардың арасында несиелік ұсыным келісім шарты жасалып, жауапкер өз міндетінде кестеге сай берешегін және сыйақы төлемдеріне өтеуге келіскен.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/03/2016

Аудан тұрғыны көршісінің өзін ұрып-соққанын, осыған байланысты оны ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап,  Казталов ауданының №2 сотына жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы алкогольдік масаң күйінде, ешбір себепсіз жұдырығымен  жәбірленушінің бетінен ұрып, тән ауруын келтірген.