Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық соты кондоминиум обьектісі болып табылатын,  тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйге жұмсалған бересекті өндіру туралы азаматтық істі қысқартты.

Тараптар істі қарау барысында кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен,  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сай келісім жасап, дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы»  жасалған келісімді сотқа ұсынды.

Жасалған келісім бойынша жауапкер жөндеу  жұмысы бойынша орын алған кемшіліктерді жоюға , ал талапкер жөндеу жұмыстарына жұмсауға қатысты  ерікті түрде  қарыз алу туралы шарт жасауға және бересекті қатаң түрде кестеге сай өтеуге міндеттелген.

Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңының 27-бабының 3-бөлігіне сай, дауды реттеу туралы келісімді тараптар ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.

Тараптар мен үшінші тұлғаның құқықтары мен мүдделерін бұзбайтын және заңға қайшы келмейтін  ұсынылған келісім бекітіліп, талап бойынша төленген мемлекеттік баж талапкерге толық  түрде қайтарылды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі