Ақжайық аудандық соты

Ақжайық аудандық соты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

13/07/2017

Ақжайық аудандық соты ағымдағы жылдың есептік кезеңінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысын қортындылау мақсатында  брифинг өткізді.

Шараға аудандық «Жайық таңы» газетінің тілшісі, аудан прокурорының орынбасары Е.Жаңбырбай,  АІІБ –нің кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторы М. Утепова қатысты.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру

28/03/2017

Ақжайық аудандық соты талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның азаматша «П»-дан кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Ақжайық ауданында бітімгершілік рәсімдерін дамыту мәселелері жүзеге асырылуда

09/03/2017

Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Куликешев аудан әкімі  Ә.Жоламановтың төрағалық етуімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты.

Шараға аудан бойынша мемлекеттік және құқыққорғау  органдарының басшылары, ауылдық округтер әкімдерінің, ҮЕҰ мен БАҚ  өкілдері қатысты. 

Ақжайық аудандық сотында татуластыру аясын кеңейту мәселесі талқыланды

16/02/2017

Шараға   «НұрОтан» демократиялық партиясының,  «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, аудандық статистика бөлімінің өкілдері, жеке нотариус М.Кажгалиева, адвокат Г.Каражауова,  кәсіпқой емес медиаторлар және аудандық  «Жайық таңы» газетінің өкілі қатысты.

Іс жүргізу бойынша семинар өтті

27/01/2017

Ақжайық  аудандық сотында  статистикалық мәліметтерді дұрыс толтыру, істердің санаттарын анықтау және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты судьялары мен мамандардың қатысуымен  семинар сабағы өтті.

Семинардың мақсаты сот қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуде кемшіліктерді болдырмау.

Ақжайық аудандық сотында 2016 жылдың жұмыс қорытындысына арналған брифинг өтті

26/01/2017

Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Куликешев аудандық прокуратура, «Жайық таңы» газетінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысын қорытындылау бойынша брифинг өткізді.

Мұрағат жұмысын жүргізу бойынша семинар өтті

20/01/2017

 Ақжайық  аудандық сотында судьялар мен мамандардың және ауданның мемлекеттік мұрағатының өкілі А.Мырзағалиеваның  қатысуымен  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы  № 6001-16-7-4/98 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызм

Ақжайық аудандық сотында ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті

28/12/2016

Ақжайық аудандық сотында ҮЕҰ және БАҚ арасында өзара байланысты нығайту мақсатында «Ардагерлер ұйымының», «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінің» ,  «Таным»   диструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерді қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің және аудандық  «Жайық таңы» газетінің өкілдері өкілдерімен кездесу өтті.

Сот татуласу келісімін бекітті

26/10/2016

Ақжайық аудандық соты 452 218 теңге материалдық шығынды, 200 000 теңге моральдық залалды  және 50 000 теңге  өкіл көмегіне жұмсалған шығынды, мемлекеттік баж 6000 теңгені өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы брифинг өтті

13/10/2016

Ақжайық аудандық сотында 2016ж.  тоғыз айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өтті.

Брифингке  аудандық «Жайық таңы» газетінің өкілі, аудан прокурорының аға көмекшісі Д.Жуманов қатысты.

Беттер