Пилоттық жобаны жүзеге асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық соты талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның азаматша «П»-дан кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Тараптар 2017 жылдың  26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы ережесіне сай хабарландырылған.

Тараптар істі қарау барысында кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен,  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сай келісім жасап, дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы»  жасалған келісімді сотқа ұсынды.

Пилоттық жоба шеңберінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасалған келісімді сотқа ұсынды. Келісімге сәйкес   талапкер жауапкерден   кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы талабынан бас тартып, ал жауапкер 2 031671 теңге  қалған қарыз сомасын 15.05.2017 жылға  дейін  төлеуге  міндеттелген. Жауапкер міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған мүлік өндірілуге жатады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының 27 б. 5 т. бойынша дауды  реттеу  туралы  жасалған келісім ҚР АПК-нің тәртібімен сотпен бекітіледі.

Сот, ҚР Азаматтық процестік  кодексінің (АПК) 277-бабының 6-бөлігін басшылыққа алып,  азаматтық iс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі