Медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов аудандық №2 соты аудан тұрғыны қатысты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қарады.

Аталған істі қарау кезінде тараптар Зеленов ауданының Дариян ауылдық округінің кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгініп, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Келісім шарттары бойынша жәбірленуші өзіне келтірілген залалдың толығымен өтелуіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтінішін білдіреді.

Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады және қылмыстық істі қысқартуға келісті.

Сотпен істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы қаулы шығарылды, аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі