Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 соты аудандық аурухананың және Зеленов ІІБ Приурал полиция бөлімі бастығының үнемі спирттік ішімдік ішіп, отбасының тыныштығын бұзып, маскүнемдіктен өз бетімен емделуден бас тартатын Даряин ауылының тұрғынын арнаулы маскүнемдіктен еріксіз емдеу мекемесіне жолдау туралы ұсыныстарын қарады.

Сот мәжілісінде азамат Б. өз еркімен спирттік ішімдік ішуді қоя алмайтынын көрсетті және маскүнемдіктен өз бетімен емделуден бас тартты.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, азамат Б-ны арнаулы маскүнемдіктен емдеу мекемесіне алты ай мерзімге жолдау туралы сот шешімің шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі