Казталов аудандық сотында дауларды соттан тыс реттеудің пилоттық жобасын халық арасында тарату тәсілдері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотында ағымдағы жылдың «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Казталов аудандық бөлімшесінің, Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашлық жүргізу құқығындағы кәсіпорының және  құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу» тақырыбында   дөңгелек үстел өтті.

Судья А.Жамантаева өз сөзінде, 26.01.2017 жылы ҚР Жоғарғы Соттың Төрағасы «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесін бекіту туралы» өкімге қол қойылғанын атады. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты мен міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын айтып өтті. Сонымен бірге, медиацияны жүргізуді қажет ететін даулардың санаттары талқыланды.

Шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі