Қазақстан Республикасының негізгі Заңына арналған «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында  «Конституция Ата Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Дөңгелек үстелге Жалпақтал полиция бөлімінің, мемлекеттік органдарының өкілдері және  сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Ж.Бурамбаев өзінің сөзінде «Мемлекетіміз үшін маңызы аса зор Ата заң  – сот-құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз, судьялар, Конституция күнін өзіміздің кәсіби мерекеміз ретінде қабылдаймыз, өйткені сот төрелігін атқару барысында біз тек Конституция мен Заңды басшылыққа аламыз. Облысымыздың сот жүйесі азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқаруда», - деп атап өтті.  

Сот төрағасы Ата заңның бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетінін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын басып айтты. Конституцияға енгізілген өзгерістің маңызды жаңалығы – сот жүйесін жетілдіруге, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілін күшейтуге  қатысты мәселелердің түбегейлі шешілуіне ықпал еткенін айтты.

Сонымен қатар, соттың кеңсе меңгерушісі А.Бисенова өз баяндамасында «Бүгінгі таңда Қазақстанда Елбасы мен Жоғарғы Сот Төрағасының арқасында сот тәуелсіздігін нығайту бойынша ауқымды істердің жүзеге асырылып жатқанын, сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты жаңа тиімді механизмдердің әзірленгенін, соттар мен судьялардың лайықты қамтамасыз етілуде», - деп көрсетті.

Шара соңында сот төрағасы А.Бурамбаев барлық қатысушаларға дөңгелдек үстел жұмысына қатысқандары үшін алғысын білдіріді.    

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі