Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің медиаторларымен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде сот төрайымы Г.Сағитованың басшылығымен кәсіпқой емес медиаторлармен кездесу өтті.

Шара ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдануда медиаторларға методикалық және практикалық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға Мұрастай ауылдық округінің әкімінің м.а.М.Куаншалиев, мекеме басшылары және Мұратсай ауылы бойынша кәсіпқой емес медиаторлар қатынасты.

Бөкей ордасы аудандық сотының төрайым Г.Сағитова құқықтық дауларды реттеуде медиация институтын дамыту қажеттігін түсіндірді. Дауласушы тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліктілігіне сүйене отырып, өзбеттерімен келісімге келетіндігі аталды.  Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу. Сот төрайымы Бөкей ордасы аудандық сотында қаралып, медиация тәртібімен аяқталған істер бойынша қысқаша тоқталып, кейбір ірі даулардың реттеу тәртібі мен тәсілдерінен мысал келтірді.

Кәсіпқой емес медиаторлар ұйымдастырылған кездесуден жақсы әсер алғандарын білдіріп, сот төрайымына алғыс айтып, аталған міндеттерді орындап, медиация институтының дамуына септігін тигізетіндеріне сендірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі