Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Жәнібек және Казталов аудандарының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов жұмыс сапары барысында Жәнібек, Казталов аудандарының белсенділерімен кездесіп, үш аудандық соттардың ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесу шеңберінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен кеңес ұйымдастырылды.

Іс шараға аудандық және ауылдық округтерінің әкімдері, медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

 Кездесу барысында спикер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асырылуына  және ауданда татуластыру рәсімдерінің қолданылуын арттыру тәсілдеріне, дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, соның ішінде дауды сотқа дейінгі реттеуің дамуы бойынша еңгізіліп отырған пилоттық жобаға ерекше назар аударып айтып өтті. Қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелерінің түйінді міндеттерін ашып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқару керектігін атап өтті. Электронды сот төрелігінің енгізудің басты міндеттерін атап, тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылатын сот жүйесіне  жаңадан енгізілген Ахуалдық орталық туралы түсіндіріп өтті. Латын қарпіне көшу мәселесін, сонымен қатар жаңа қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартың қабылдау үшін ғалымдар мен барлық жұртшылық өкілдерімен өзара  байланысудын қажеттілігін қозғап өтті.

Құқыққорғаушылар мен медиаторлар сөз сөйледі. Қ.Адранов  сот жүйесінде медиация институтын дамытуына қосқан үлесі үшін Жәнібек ауданының кәсіби емес медиаторы  Болат Закаринге Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Ә.Әметовтің атынан алғыс хат табыстады.

Сапар барысында оннан астам тұрғындарды қабылдап, алқа төрағасы қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, аудандық соттардың ұжымдарымен сот төрелігін іске асыруы бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

    

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Теги: