Батыс Қазақстан облыстық сотында 2018жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы 2018жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Шараға облыстық соттың судьялар корпусы, қалалық және мамандандырылған ауданаралық сот төрағалары, БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы және бейнеконференцбайланысы арқылы аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары қатысты.

Кеңесте облыстық соттың алқа төрағалары Ақан Жұмағұлов пен Қайрат Адранговтың  баяндамалары тыңдалды. Спикерлер сот жүйесінің негізгі бағыттары бойынша есеп берді. БҚО соттарымен қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтер келтіріліп, сот төрелігі сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, судья әдебі жөніндегі Комиссия жұмысы, соттар Әкімшісі басшысымен соттардың материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуі туралы баяндалды.

Кеңесте Б.Әметов судьялар корпусының алдына сот жұмысын оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру туралы бірқатар тапсырмалар қойды. 7 түйін бойынша жобалық бағыттарды жүзеге асыруды жалғастыруды және сот төрелігінің сапасын арттыруды тапсырды.

Дауларды сотқа дейін реттеу мен татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту соттардың жұмысындағы басты бағыт болып қала бермек.

Сонымен қатар, шара соңында салтанатты түрде «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасын жүзеге асыру мен соттардың жұмысы туралы БАҚ беттеріндегі "Үздік мақала" және "Үздік сот актісі" байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі