БҚО Орал қалалық сотында жүзеге асырылып жатырған пилоттық жобалар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеконференцбайланыс арқылы сот отырысын өткізу (әрі қарай - БКБ) бұл процесті бармай жүргізуді қамтамасыз ететін отандық сот өндірісінің жаңашылдығы.

Нақты уақыт режимінде БКБ жүйесін істер мен материалдарды қарау барысында облыс соттары жиі қолдана бастады.

Орал қалалық соты ағымдағы жылдың басынан тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатырған адамдарды этаппен апарусыз сот үкімдерін орындаумен байланысты 531 материалды қылмыстық – атқару жүйесінің үш мекемесімен бейнеконференцбайланысы арқылы  қарады.  

Сонымен бірге сотта істерді электрондық түрде қабылдау басталды, жыл басынан сот өндірісіне 96 қылмыстық іс электрондық форматта түскен

Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу қылмыстық процесті жүргізудің ашықтығы мен сапасын арттырып, қағаз құжат айналымына шығындарды азайтады

IT-технологияларды қолданудағы барлық шаралар  азаматтармен ашық және мобильді өзара қатынасты жүзеге асыру үшін, тиімді сот төрелігін атқару үшін қолданылады. 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.