Архив событий

23/10/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында судьялар үшін жаңа үлгіде семинар-тренинг өткізілді

23/10/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұловтың төрағалық етуімен, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының қатынасуымен қылмыстық-құқықтық тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

А.Жұмағұлов өз кіріспе сөзінде сот істерінің дұрыс қаралмауы, жалпы сот жүйесінің беделіне жағымсыз әсерін тигізетінін және судьялармен жіберілген қателіктер жұртшылықтың сотқа деген көзқарасын нашарлататынын айтты. 

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліке тартылды

23/10/2017

Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Казталов аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669 бабымен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен аңықталғандай, аудандық соттың шығарған атқару құжаты бойынша құқық бұзушы өндіріп алушының пайдасына алиментті 2008 жылғы қырқүйек айынан бастап төлеуге ешқандай шара қолданбаған, нәтижесінде бережақ мөлшері 2 073 607 теңгені құраған. Сөйтіп, құқық бұзушы сот актісін орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.