Архив событий

24/10/2017

Жәнібек аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

24/10/2017

Жәнібек аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға  аудандық соттың төрағасы А.С.Бижанов, кәсіби емес медиатор Ерсайын Кубашев, адвокат Ерболат Шаумов, аудан прокурорының аға көмекшісі А.Нияров, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Гайнуллин және сот қызметкерлері қатысты.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

24/10/2017

Жаңа апта Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаңалықтан басталды. Бүгін сот құрамында кадрлық өзгерістер болды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов сот ұжымына жаңа төрағаны таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 20.10.2017 жылғы №564 санды Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып Слуканым Талаповна Кадралиева тағайындалды.

Университет студенттерімен кездесу

24/10/2017

Орал қаласының мамандандырылға әкімшілік сотында М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-ші курс стіденттерімен кездесу өтті.

Шара сот кеңсесінің меңгерушісі, заң факультетінің оқытушылары, студенттер және «Көмек» БҚ-ның төрағасының қатысуларымен өтті.