Архив событий

17/10/2017

Сот партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

17/10/2017

Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық соты ЖКО-ның салдарынан көлік құралының тауарлық түрі жоғалуы бойынша шығын шамасын, материалдық нұқсанды өндіру туралы  азаматтық ісі бойынша партисипативтік  келісімді бекітті.

Алқабилердің қатысуымен үкім жарияланды

17/10/2017

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен А.Хватов пен А.Калашниковқа қатысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша істің үкімін жариялады.

Бұрын алқабилер үкімі негізінде шығарылған ақтау үкімі бұзылған.

Жәнібек аудандық сотында «Отбасы дауларындағы медиация» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

17/10/2017

Дөңгелек үстел жұмысын төраға Айвар Бижанов,  судья Нұрмұхамбет Жұмәлі, Жәнібек ауданы бойынша кәсіби емес медиатор Болат Закарин, ЖПҚ-нің бастығының орынбасары Зейнур Жұбанышев, «Акбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы  Руслан Нуралиев қатысты.