Жұмысқа қайта орналастыру туралы дау сот медиациясы арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат З. жауапкер «А» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін еңбекақы және моральдық зиянды өндіру  туралы талаппен Орал қаласының №2 сотына жүгінді. Талапкер, оған берілген жұмыстан босату туралы бұйрыққа сәйкес, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғанына келіспеді.

Медиатор-судьяның дауды реттеу тәсілдерін кәсіби әрі сауатты түсіндіру нәтижесінде тараптар сот медиациясы тәртібінде медиативтік келісімге келген өтінішті сотқа ұсынды, олардың шарттарына сәйкес жауапкер «А» ЖШС-гі талапкердің жұмыс кітабына оны жұмыстан босату туралы жазбаны - «Өз өтініші бойынша» деп жазба енгізуге және 2019 жылғы 10 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін 85 000 теңге көлемінде соманы төлеуге міндеттелді. Өз кезегінде, талапкер З. өзінің бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін еңбекақы және моральдық зиянды өндіру туралы талаптарынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен іс бойынша өндіріс қысқартылып, медиация туралы келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі