Заң

Жаңа заңнаманы қолдану жөніндегі семинар

13/01/2015

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаевтың төрағалығымен жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексінің негізгі мәселелерін талқылау бойынша  семинар-кеңес өтті.

Шараға облыс соттарының судьялары, облыстың прокуратура және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Кездесуде  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне ене бастаған жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексі бойынша әріқарай жұмыстанудың негізгі тұстары талқыға салынды.

Теректі ауданында жаңа заңнама нормалары түсіндірілді

09/01/2015

 

Теректі аудандық сотының төрайымы З.Джумашеваның қатысуымен Теректі аудандық ішкі істер бөлімінде «Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық туралы» заңнаманың нормаларын түсіндіру» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрайымы мен сот мамандары, Теректі аудандық  ІІБ басшысы А.Ескалиев, аудан прокуроры А.М.Бискалиев, прокурордың көмекшісі С.Тасимов және Теректі аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторлары қатысты.   

Экономикалық сотта семинар сабағы өтті

22/12/2014

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы «Сот кабинеті» қызметін іске асыру туралы тақырыпта семинар сабағы өтті.

Шараға соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.Калиева және кеңсесінің мамандары қатысты.

Семинар сабағын алғы сөзбен соттың жетекші маманы А.Мажитова ашты.

Батыс Қазақстан облыстық сотында студенттер судьялармен кездесті

13/11/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотының «Қазақстан заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде судьялар мен өңір заңгерлері жоғарғы оқу орындарының студенттермен кездесу ұйымдастырылды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетінеліміздің жаңа заңдарын түсіндіруге арналған.