талап арыз

Сот банктың берешегін өндіру туралы талапты қанағаттандырды

31/03/2016

Казталов аудандық  соты талапкер "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Істің мән-жайы бойынша, «Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге   несие беріп, сотқа талап арыз берген күні жауапкердің берешегі 37 925 теңгені құраған.

Әкелік мейірім

26/06/2015

Ақмола облысының «Бурабай аудандық білім бөлімі» ММ туған баласын тәрбиелеуден жалтарып, өз міндетін қайтыс болған жұбайының ата-анасына сырып тастаған әкені ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сот талқылауы барысында анықталғандай жұбайының ата-анасы қыздары қайтыс болғаннан кейін, жиенін уақытша қалдыруын өтінген соң жауапкер келісім берген. Бір жылдан кейін, қызын өзіне алуға келгенде сәбидің атасы мен әжесіне бауыр басып қалғанын көріп, баланың жанын жараламауды  ойлап, ойынан қайтқан.

Несие келісім-шарты бойынша қарыз өндірілді

10/06/2015

БҚО-ның  мамандандырылған  ауданаралық экономикалық соты  «АФ Банкі» АҚ-ның «Қуатова Д.К.» ЖК-нен  83 498 564,31 тенге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы  қанағаттандырды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «Куатова Д.К» ЖК-мен банк арасында несие келісім-шарты жасалып,  соған   сәйкес жауапкерге  12 ай мерзімге 83 500 000 теңге көлемінде  несие желісі  ашылған сонымен  қатар, қосымша келісім–шарт және банк несиесінің жеке келісім-шарты жасалған.

Талап арыз қанағаттандырылды

10/06/2015

Сырым аудандық соты жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі бойынша «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің  банктік несие келісім шарты бойынша соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Іс-материалдарынан анықталғандай, «Альянс Банк» АҚ жауапкерге сыйақысымен бірге қайтару негізінде несие берген. Жауапкердің несиені қайтару туралы міндеттемелерін орындамауының салдарынан қарыз сомасы 58 745 теңгені құраған.

Батыс Қазақстан облысының экономикалық соты жер қатынастары бөлімінің талабын қанағаттандырды

15/05/2015

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Жер қатынастары бөлім»» ММ-нің «Х» ШҚ-на жер учаскесін жалға беру келісім-шартын бұзу туралы азаматтық ісін қарады.

ҚР Жер кодексінің 65 бабына сәйкес жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылары жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.

Сот отырысында тараптардың жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде жер телімін 49 жылға жалға алғандығы анықталды.

Ақжайық аудандық соты: «Міндеттеме тиісінше орындалуы қажет»

14/05/2015

Ақжайық аудандық соты  арнайы қаржы компаниясының  қарыз сомасын жауапкерлерден өндіру туралы үш азаматтық ісін қарады.

Талапкер өз талабында Банктің ақшаны кері қайтару туралы шарт  кестесі жауапкерлерге берілгенін, бірақ шарт бойынша жауапкерлер міндеттемені орындамағандықтан, Банк  қарызға берілген ақшаны өндіру туралы талапты  арнайы қаржы компанияға  беру туралы  шарт жасап, ақшаны өндіру туралы  құқық талап берушіге ауысқан.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

12/03/2015

 

Талапке жауапкерден материалдық және жол апаты салдарынан келтірілген моралдық залалды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс материалдарынан мәлім болғанындай, жол-көлік апаты салдарынан  талапкердің жұбайы қайтыс болған.

Жас маман жұмыспен өтеу міндеттемесін орындамаған

18/02/2015

Орал қаласының №2 сотында «Финансовый центр» АҚ азамат К-ден грант бойынша оқу шығындарын өндіру туралы талап арызы қаралды.

«Финансовый центр» АҚ  сотқа жүгініп, арызында жауапкер 08.08.2008ж. №471 бұйрық бойынша ауылдық квотамен білім грантына ие болғанын көрсеткен. Осыған орай, жауапкер мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті арасында білім қызметін көрсету бойынша келісім шарты жасалып, соған сәйкес білім гранты бойынша жауапкердің білім алуын ұйымдастыруды жоғары оқу орны міндетіне алған.

Берешекті өндіру ішінара қанағаттандырылды

09/02/2015

Казталов ауданының №2 соты талапкер «Finance" арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер Ж.Г.Бексултановадан несие борышын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Несие беру шартына сәйкес, «Альянс Банкі» АҚ  жауапкерге 81993 теңге заем ұсынған. Несие соммасын өтеу және сыйақы сомасын төлеу төлем кестесіне сәйкес жүргізілуге тиіс болған. Іс жүзінде жауапкер шартта көрсетілген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған.

Сот талап арызды ішінара қанаттандыру туралы  шешім шығарды.

Талап арыз қанағаттандырылды

05/02/2015

Орал қаласының №2 сотында талапкер С.А.Кокашеваның жауапкер «Еуразиялық Банк» АҚ және «Халық Банк» АҚ-на есеп-шотты шектеу әрекеттерін заңсыз деп тану және шектеуді шешуге, карталық есеп-шоттан шектеу мерзімінде алынған қаражаттарды қайтаруға міндеттеу туралы арызы қаралды.

Беттер