Автокөлікті мас күйінде және жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты жол жүру қағидаларын бұзған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні тоқтатылған. Оның келісімімен жүргізілген медициналық куәландыру қорытындысына сай, жеңіл дәрежедегі мастық күйі анықталған. Сонымен қатар, жүргізуші бұрын 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы да анықталған.

Орал қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 346 б. 1б. қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстқа тарту жазасы тағайындалып, 3 жылға көлікті басқару құқығынан айырылды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі