өндіру

Сот көтерме жәрдемақыны және бюджеттік несиені өндірді

29/12/2015

Теректі аудандық №2 сотына «Теректі ауданының қаржы және экономика» ММ-сі жауапкер И-ден Теректі ауданының Әкімінің қаулысы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін берілген көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй алуға арналған бюджеттік несиені өндіру туралы талап арыз келтірілді. 

Жүргізу құқығынан айырылды

17/11/2014

Теректі аудандық соты С.И.Баспаховты алкогольмен мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзiмге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады.

Бітімгершілікпен біткен іс

29/10/2014

 

Талапкер А. жауапкер Д-дан  280 000 теңгені өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Талапкер өз талап арызында 2012 жылдың маусым айында жауапкер құны 280 000 теңгеге екі бас ірі қара малын алып, ақшасын малды өткізгеннен кейін беретін болып келіскен. Алайда, бүгінгі күнге дейін   ақшасын қайтармаған.

Сот отырысында  тараптар медиатордың көмегіне жүгініп, дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жасасқан.

Қарыз өндірілді

20/10/2014

 

Бөрлі аудандық сотында К.Рамазанның Ч.Бакыттан 500 мың теңге қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот отырысында тараптар арасында 5 ай мерзімге 500 мың теңге  заем шарты жасалғаны анықталды. Алайда, жауапкер қарызын қайтару бойынша өзінің міндеттемелерін орындамауына байланысты талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот талап арызды қанағаттандырды және жауапкерден аталған сомманы өндірді. 

Талап арыздары қанағаттандырылды

15/10/2014

 

Жаңақала аудандық сотында банктердің  өз клиенттеріне қатысты талап арыздары бойынша бірнеше азаматтық ісі қаралды.

Нақтырақ айтқанда, Жаңақала аудандық соты «Finance» Арнайы қаржы компаниясының Б.М.Өтепқалиевтен 141 756 теңге берешегін және 4253 теңге мемлекеттік баж салығын өндіру жөніндегі азаматтық ісін қарады.

Талап арыздар қанағаттандырылды

13/10/2014

 

№2 Зеленов аудандық сотында түрлі банктердің  өз клиненттеріне қатысты талап арыздары бойынша бірнеше азаматтық ісі қаралды.

Нақтырақ айтқанда, №2 Зеленов аудандық соты «Банк  Центр Кредит» АҚ Г.Мұқановадан 11 612 060 теңге берешегін өндіру жөніндегі азаматтық ісін қарады.

Банктің талап арызы қанағаттандырылды

13/10/2014

 

№2 Зеленов аудандық сотында  «Қазақстан Халық Банк» АҚ клиентінен берешегін және сот  шығындарын өндіру жөніндегі азаматтық ісін қарады.

2007 жылы « Қазақстан Халық Банкі» АҚ және оның клиенті арасында  96 айға  19 000 000 теңге көлемінде несие беру келісімшарты жасалған. Несиге кепілдік ретінде жалпы көлемі 221,10 кв.м. тұрғын үй,  оған қоса 0,06000 га. жер телімі қойылған.

Жетіспеген ақша өндірілді

10/10/2014

 

«Евразиан Фудс Корпорэйшн»  АҚ филиал қызметкерінен акша өндіру туралы талап арызымен Орал қаласының №2 сотына жүгінді.