мейрамхана

Мейрамханада бұзақылық жасады деп айыпталғандар қамауға алынды

14/01/2015

 

Бөрлі аудандық соты 28 жастағы екі жігітке қатысты бұлттартпау шарасы түрінде қамауға алуға санкция берді.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 10 қаңтарының түнінде  «Ривьера»  мейрамханасында, келушілер арасында дау шығып, арты  төбелеске ұласып,  төбелес барысында біреуі травматикалық қару қолданған. Салдарынан жәбірленушінің біреуі алған ауыр дене жарақаттардан қылмыс болған жерде қайтыс болып, екіншісі Бөрлі аудандық ауруханасында стационарлық ем қабылдауында.