қолдану

ҚР жаңа ӘҚБтК қолдану жөнінде дөңгелек үстел

16/01/2015

 

Бөкей ордасы аудандық сотында сот қызметкерлері және Бөкейордасы аудандық ішкі істер бөлім қызметкерлері, Бөкей ордасы аудандық Салық басқармасы және Әділет департаменті басқармасы мамандарының қатынасуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекс қолданыста» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысында жаңадан енгізілген заңдарға қатысты сұрақтарға жауаптар беріліп, сонымен қатар, қазіргі таңдағы әкімшілік істерді міндетті түрде талон арқылы сотқа табысталатыны жөнінде айтылды.

Жаңа заңнаманы қолдану жөніндегі семинар

13/01/2015

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаевтың төрағалығымен жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексінің негізгі мәселелерін талқылау бойынша  семинар-кеңес өтті.

Шараға облыс соттарының судьялары, облыстың прокуратура және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Кездесуде  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне ене бастаған жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексі бойынша әріқарай жұмыстанудың негізгі тұстары талқыға салынды.